![Надаль мен Тсонга арасындағы матчқа 100 мың теңгелік билеттер ғана қалды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40719.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Испан теннисшісі Рафаэль Надаль мен франциялық Жо-Вильфрид Тсонга арасындағы кездесуге жанкүйерлер көп жиналмақ, деп хабарлайлды vesti.kz.
Әлемдік масштабта өтетін матчқа тек VIP-трибуналарға ғана билеттер қалған. Билет құны – 100 мың теңге. Ал, 2000-25000 теңге аралығындағы 2680 орын сатылып кеткен.
«VIP-трибуналарға ғана билеттер қалды. Бұл билеттер бойынша Рафаэль Надаль мен Жо-Вильфрид Тсонганің ракеткалары ұтыс ретінде ойнатылады», - дейді ұйымдастырушылар.
Айта кетейік, кездесу Астанада 25 қыркүйекте «Дәулет» теннис орталығында өтеді.
Фото: www.eurosport.ru
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Надаль мен Тсонга арасындағы матчқа 100 мың теңгелік билеттер ғана қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90404/)