![«Тіл шебері - 2014» республикалық байқауы өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40751.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
26 қыркүйекте Ақтөбе қаласындағы Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрда «Тіл шебері - 2014» республикалық байқауы өтеді.
Шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан халқының Тілдер күніне орай ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.
Мақсат - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарға қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту.
Байқауда 18 бен 25 жас аралығындағы 16 жас білім және өнер сайысына түседі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Тіл шебері - 2014» республикалық байқауы өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90436/)