![«Әйел бақыты» байқау жариялайды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40752.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Әйел бақыты» ток-шоуы «Шаңырақ шаттығы» атты байқау жариялайды.
Байқаудың негізгі шарттары – өз отбасыңыз туралы бейнеролик түсіру қажет. Отбасыңызбен түгел таныстырыңыз. Ерекше дәстүрлер мен қағидалар туралы айтуды да ұмытпаңыз.
Дайын материалды мейлінше көркемдеп, aiyelbakyty@mail.ru электронды мекенжайына жолдаңыз.
Арнайы белгіленген шығармашылық топ үздік бейнероликтерді іріктейді. Материалдар «Әйел бақыты» бағдарламасынан көрсетіледі.
Үздіктерді бағалы сыйлықтар күтеді!
Толық ақпаратты «Әйел бақыты» бағдарламасының әлеуметтік желілердегі парақшасынан біле аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Әйел бақыты» байқау жариялайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90437/)