![Арнайы комиссия СУ-27 ұшағының апатқа ұшырау себебін анықтайды - ҚР ҚМ](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40765.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Арнайы комиссия Алматы облысы аумағында құлаған СУ-27 әскери ұшағының апатқа ұшырау себептерін анықтайды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінен хабарланды, деп жазады ҚазАқпарат.
"2014 жылғы 23 қыркүйекте сағат 20:42 минутта оқу-дайындық ұшулары барысында СУ-27 (50) ұшағымен байланыс үзілді. Ұшақ экипажы - подполковник Е.Ж. Науанов және подполковник Д.И. Горбунов. Іздестіру жұмыстары нәтижесінде ұшақтың құлаған жері анықталды. Ұшқыштарды іздестіру жалғасуда. Авиациялық оқиға себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды", деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінен.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Арнайы комиссия СУ-27 ұшағының апатқа ұшырау себебін анықтайды - ҚР ҚМ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90450/)