![Павлодарда өтетін «Әлем Барысы» турниріне 30-дан астам елдің палуандары қатысады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40777.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
25 қазанда Павлодарда өтетін «Әлем Барысы» халықаралық турниріне 30-дан астам елдің палуандары қатысады.
Бүгінгі баспасөз мәслихатында айтылғандай, жарыста 90 келіден жоғары салмақтағы палуандар күш сынасады.
Турнирдің жалпы жүлде қоры - 150 мың АҚШ доллары.
Жобаны «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры, ҚР Қазақ күресі федерациясы және Павлодар облысының әкімдігі ұйымдастырып отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодарда өтетін «Әлем Барысы» турниріне 30-дан астам елдің палуандары қатысады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90462/)