![IPhone 6 Plus-тен айтарлықтай кемшілік табылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40784.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жаңа iPhone 6 Plus иелерінен смартфондардың корпусының майысуына қатысты шағым түскен. Құрылғының майысуы сатып алғаннан кейін бірнеше күн өткен соң пайда болады екен. Мамандар iPhone 6 Plus-ты джинс шалбардың қалтасында ұстаса майысуы мүмкін екенін айтады.
iPhone 6 Plus корпусының көлемі 158,1 х 77,8 х 7,1 мм. Бұл – Apple компаниясы шығарған ең үлкен әрі ең жіңішке модель. Бірақ, смартфон кейбір жағдайда сәл майысып, сол күйінде қалып қояды.
Әрине, кім болсын телефонды әдейі майыстырмайды. Демек, бұл - iPhone 6 Plus айтарлықтай мықты емес дегенді білдіреді.
Apple әзірге бұл мәселеге қатысты ешқандай мәлімдеде жасамады. Алайда, түсіп жатқан шағымдар толастамаса, компанияның қандай да бір шара қолдануына тура келеді.
Фото: hi-tech.mail.ru
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=IPhone 6 Plus-тен айтарлықтай кемшілік табылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90469/)