Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Шаңырақ» балалар оқу залы бар. Оқу залы үш бөліктен тұрады: бірінші – шығармашылық, екінші – демалыс және үшінші – ақпарат.
Мамандар оқушылармен арнайы бағдарлама бойынша жұмыс істеуде. Оған үйірмелер жұмысы, кітап оқу, кездесу ұйымдастыру, оқырмандарына арналған мерекелік шаралар ұйымдастыру және үй тапсырмаларын орындау жатады.
Оқу залына 3-16 жастағы балалар мен жасөспірімдер кіре алады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық академиялық кітапханадағы балалар оқу залына саяхат (ФОТОРЕПОРТАЖ)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90471/)