![Елбасы Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40790.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елбасы Н.Назарбаев 30 қыркүйекте Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. Бұл туралы Ақорданың Елбасының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралардың аңдатпасында жарияланды. Хабарламада «30 қыркүйекте Атырауда Қазақстан мен Ресейдің XI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді, оның жұмысына Президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин қатысады»,-делінген. Іс-шара «Көмірсутек саласындағы инновациялар» тақырыбында өтеді. Форум аясында заманауи технологияларды мұнай-газ саласында қолдану, осы бағыттағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылау көзделген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елбасы Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90475/)