![«Мектепке жол» акциясы бойынша 4 мыңнан астам балаға көмек көрсетілді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40841.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Мектепке жол» VII республикалық акциясы жалғасуда.
Астана қаласы Білім басқармасының хабарлауынша, бүгінде шара аясында аз қамсыздандырылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 4 441 балаға көмек көрсетілді.
Ертең «Radisson Hotel» демеушілігімен 30 балаға әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Елорданың № 1, 2, 5, 8, 14, 23, 25, 31, 40, 57, 65, 74 мектеп оқушылары сыртқы киіммен қамтамасыз етіледі.
Биыл 1 тамызда басталған акция 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Шара қала тұрғындарын мұқтаж жандарға қолұшын созуға шақырады.
astana.gov.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Мектепке жол» акциясы бойынша 4 мыңнан астам балаға көмек көрсетілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90526/)