![Астанада ағылшын мүсіншісі Цадок Бен-Давидтің көрмесі ашылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40866.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанада ҚР Ұлттық музейінде әйгілі ағылшын мүсіншісі Цадок Бен-Давидтің «Түн ортасының арғы беті» атты жеке көрмесі ашылады.
Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысады, деп хабарлайды strategy2050.kz.
«Экспозиция 3 инсталляциядан және мүсіннен тұрады. Әрбір инсталляция суретшінің ақиқатқа айналған ойы мен қиялының көкжиегін көрсетіп, өнерсүйер қауымды бірегейлігімен таңғалдырады. Цадок Бен-Давид - дүниежүзінде кең танылған және көпшілік мойындаған өзіндік көркем стилін қалыптастырған мүсінші», - делінген хабарламада.
Орталық Азия аумағында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған көрме 2014 жылдың 26 қыркүйегі мен 5 желтоқсаны аралығында өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада ағылшын мүсіншісі Цадок Бен-Давидтің көрмесі ашылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90551/)