![М.Әуезов театры «Жаңа көзқарас» атты бірлескен жобалар байқауын жариялайды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40897.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
М. Әуезов атындағы Қазақтың Мемлекеттік академиялық драма театры шығармашылық топтар үшін Республикалық «Жаңа көзқарас» атты бірлескен жобалар байқауын жариялайды. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.
Байқаудың мақсаты - жаңа Қазақстанға сай жаңа идеяларды сахнаға шығарып, уақыт пен қоғамға, дүниеге жаңаша көзқарас, жаңа көркемдік ізденістер көрініс беретін қойылымдарды қолдау. Сондай-ақ, талантты режиссер, актерлер, суретші, композитор, хореографтар, т.б. топтардың бірлескен идеяларын жүзеге асыруға, шығармашылық әлеуеттерін барынша танытуға мүмкіндік беру.
Байқау 2 кезеңнен тұрады. Алғашқысы спектакль жобаларын ұсыну 2014 жылдың 1-ші желтоқсанына дейін, ал екінші кезең таңдалып алынған жобаларды қорғау 2014 жылдың 1-10 желтоқсан аралығында өткізіледі.
Байқау қорытындысы 2014 жылдың 16 желтоқсанында жарияланады.
Сондай-ақ, ең үздік деп танылған жоба бойынша спектакль қою ұсынылады және жоба көркем жүзеге асса, фестивальдарға қатысу мүмкіндіктері қарастырылады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=М.Әуезов театры «Жаңа көзқарас» атты бірлескен жобалар байқауын жариялайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90582/)