![Әбдіжәміл Нұрпейісов Нобель сыйлығына ұсынылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40926.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Биыл Нобель сыйлығына Қазақстанның атынан Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов ұсынылды. Бұл туралы Қазақ ПЕН-клубының президенті Бигелді Ғабдуллин мәлімдеді.
Оның айтуынша, Қазақстанның атынан Нобель сыйлығына ақын-жазушыларды ұсыну бойынша тек әдебиет институты мен Қазақ ПЕН-клубының ғана құқығы бар.
Сондай-ақ, Бигелді Ғабдуллин қазіргі уақытта қазақтың классик жазушыларының туындыларын ағылшын тіліне аудару жұмыстары жүргізіліп жатқандығын да жеткізді.
Айта кетейік, жазушы өткен жылы да Нобель сыйлығына ұсынылған болатын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әбдіжәміл Нұрпейісов Нобель сыйлығына ұсынылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90611/)