![Павлодарда жұмыссыздарға тегін курстар ұйымдастырылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40927.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Павлодар қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыссыз азаматтарды даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру үшін тегін курстарға шақырады.
Қысқа мерзімде кәсіп игеруді мақсат еткендер сылақшы-бояушы, электр құрылымдарын жөндеу, ағаш ұстасы, азық-түлік тауарларын сатушы, мектепке дейінгі тәрбиеші (біліктілікті арттыру), жүргізуші және медбике (біліктілікті арттыру) мамандықтары бойынша білім ала алады.
Оқу бітіргеннен кейін курсты аяқтағаны туралы мемлекеттік үлгідегі куәлік тапсырылады.
Сондай-ақ, жол, тамақтану, медициналық тексеруден өту шығындарының орны толтырылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодарда жұмыссыздарға тегін курстар ұйымдастырылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90612/)