![Виктория Бекхэм БҰҰ-ның ерікті елшісі болып тағайындалды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40988.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Танымал футболшы Дэвид Бекхэмның жары Виктория Бекхэм БҰҰ-ның СПИД-ке (ЖҚТБ) қарсы ерікті елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Риа-Новости.
Виктория Бекхэм ВИЧ-инфекциялық ауруларға шалдыққан жандарға көмектескісі келетінін мәлімдеді. Ол осы мақсатта Кейптаундағы емханалардың бірінде ВИЧ-инфекциялық ауруға шалдыққан балалармен кездесті. «Бұл – менің өмірімді өзгерткен кездесу болды» , - дейді В. Бекхэм.
Айта кетейік, модель әрі дизайнер Виктория Бекхэм жақында 600 коллекциялық киімін аукционға қойып, одан түскен пайданы ОАР-дағы СПИД-ке қарсы қайырымдылық қорға аударды.
Фото: REUTERS/ Brendan McDermid
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Виктория Бекхэм БҰҰ-ның ерікті елшісі болып тағайындалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90673/)