![Көру мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған кабинет ашылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41030.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елордада Астана қаласы әкімдігі және «Дара» қорының қолдауымен №71 мектепте көру мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-педагогикалық көмек кабинеті ашылды, деп хабарлайды astana.gov.kz. сайты.
Арнайы жабдықталған кабинетті ашудағы мақсат – көру қабілеті нашарлаған және дамуы шектелген балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауды ескере отырып, кешенді көмек пен әлеуметтік-бейімдеу және оқыту үшін ашылған.
Астана бойынша көзі көрмейтін балалардың саны 20-дан асып отыр. Сондай-ақ, көз ақауы бар 90-ға жуық бала мемлекеттік тіркеуде тұр.
«Қазіргі уақытта орталықта 40-тан астам бүлдіршін тәрбиеленуде. Үш айға созылатын жаттықтыру жұмыстарынан соң, қабілетін тексеру тестілеуінен өткен тәрбиеленушілерді шығарып, орнына кезекте тұрған балаларды қабылдаймыз», -дейді кабинет меңгерушісі Айгерім Алмолдаева.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Көру мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған кабинет ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90715/)