![Динара Сәдуақасова – шахматтан Әлем чемпионы!](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41072.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Оңтүстік Африка Республикасында жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты аяқталды. 18 жасқа дейінгі категорияда чемпионаттың аяқталуына бір тур қалғанда Динара Сәдуақасова Әлем чемпионы атанды. Ол ұтып алуға болатын 10 ұпайдың 9-ын жинады. Екінші орын алған жас спортшыдан 1,5 ұпай озды.
Ал, 10 жасқа дейінгі категорияда Бибісара Асаубаева әлемдік жарыстың күміс жүлдесінің иегері атанды. Мүмкін болған 11 ұпайдың 10-ын жинаған Бибісараны тек қосымша көрсеткіштер нәтижесінде ғана үндістандық жас шахматшы алға шықты. Сонымен қатар, бұл категорияда Назерке Нұрғали да керемет ойын, көрсетіп 5-ші орын алды.
14 жасқа дейінгі категорияда 11 ұпайдың 8-ін жинаған Арнаш Бауыржан әлемнің үзідік жас шахматшылары арасында 6-шы орынды иеленді.
12 жасқа дейінгі категорияда Әсел Серікбай (7,5 ұпай) 11-ші орыннан көрінді.
Ал, жас шахматшы ұлдарымыздың арасында ең үздік нәтижені Жанат Сайын (16 жасқа дейін) көрсетті. Ол Әлем чемпионатында 10-шы орын алды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Динара Сәдуақасова – шахматтан Әлем чемпионы!&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90757/)