![Алматыда халықаралық деңгейдегі веложарыс өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41088.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
4 қазан күні Алматы қаласында әлемнің үздік велокомандаларының қатысуымен алғаш рет «Астана Моторс» спринтерлік веложарысы өтеді.
Вело-шоудың негізгі қонағы – «Тур де Франс-2014» веложарысының жеңімпазы, «Astana Pro Team» клубының капитаны Винченцо Нибали.
500 метр қысқа қашықтықтағы спринетрелік сайысқа 8 командадан тұратын кәсіби спортшылар қатысады. Олар: «Аstana Рro Тeam (Қазақстан), «Кatusha Тeam (Ресей), «La Pomme Marseille Team 13» (Франция), «Bardiani» (Италия), «Rusvelo» (Ресей), «Novo Nordisk Team» (АҚШ), «Vino 4-ever» (Қазақстан) және «Kazakhstan national team» (Қазақстан).
Шараға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Велоспорт федерациясының директоры Дмитрий Муравьев және Олимпиада чемпионы Александр Винокуров қатысады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда халықаралық деңгейдегі веложарыс өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90773/)