![Құрбан айт мерекесі қарсаңында Ақтауда қайырымдылық шарасы өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41114.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Балаларға арналған қайырымдылық шарасын Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқарамсы ұйымдастырған. Шара аясында ақтаулық 50 бала мультфильм тамашалап, мұз айдында сырғанап көңіл көтерді. Сондай-ақ, балаларға арнап мерекелік дастархан жайылды.
«Құрбан айт – рақымшылық мейрамы. Біз қолдан келгенше балаларға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына көмектесуіміз керек. Бүгінгі қайырымдылық шарасының негізігі мақсаты – балаларға қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп ойлаймын», - дейді саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің бастығы Жансая Смағұлова.
Lada.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Құрбан айт мерекесі қарсаңында Ақтауда қайырымдылық шарасы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90799/)