![Щучинск-Бурабай демалыс аймағын дамытуға 47 миллиард теңге бөлінді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41123.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Щучинск-Бурабай демалыс аймағын дамыту үшін Бурабай ауданында өңірдің инфрақұрылымын жақсарту бойынша іргелі жобалар іске асырылуда.
Ақмола облысы әкімдігінің хабарлауынша, бүгінде Бурабай ауданында жалпы құны 2 617 миллион теңге болатын кәріз жүйесін тазарту құрылғыларының құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, 2 390 миллион теңгенің қазандығы салынуда. Нысан 2015 жылдың қазан айында пайдалануға берілмек.
Сондай-ақ, Щучинск қаласында 1 миллиард 300 миллион теңгенің 900 балаға арналған мектеп құрылысы да жоспарда тұр. Мектеп келесі жылдың қыркүйегінде пайдалануға беріледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Щучинск-Бурабай демалыс аймағын дамытуға 47 миллиард теңге бөлінді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90808/)