![Бүгін «Астана Опера» театры музыка күнін атап өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41136.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Халықаралық музыка күніне орай «Астана Опера» Камералық залының концерттік маусымы салтанатты түрде ашылады.
«Астана Операның» камералық залы жаңа маусымда классикалық музыка сүйер қауымға концерттің алуан-түрлі афишасын және «Bel Canto музыкалық салоны», «Сиқырлы дауыстар әлемі» және «Театрға саяхат» атты балалар абонементін ұсынады.
Камералық залдың жетекшісі Жәкенова Маржанның айтуы бойынша, бір абонементті сатып алып, бірден 3 концерттің билетін иеленуге болады. Бұл жерде көрерменнің уақыты мен қаржысы үнемделеді. Нәтижесінде, тыңдарманның үлкен жеңілдікке қол жеткізуге мүмкіндігі бар. Мәселен, бірден балалар концертінің 3 абонементін сатып алса, жеңілдік 50 пайыз жеңілдік жасалады, ал үлкендерде бұл концерт бағасының үштен бір бөлігін құрайды.
Концертке музыкалық дауыстар алуандығын паш ететін меццо-сопрано, сопрано, тенор, бас, баритон дауысты опера солистері қатысады. Олардың орындауында әлемдік классика қоржынындағы қазақстандық және батыс еуропалық композиторлардың ең жақсы опералық туындыларынан көріністер, танымал әндер, романстар, дуэттер шырқалады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін «Астана Опера» театры музыка күнін атап өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90821/)