![Алматыда жылыту маусымы 15 қазанда басталады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41140.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматыда жылыту маусымы 15 қазанда басталады. Қажетті құжаттарға бүгін қала әкімі Ахметжан Есімов қол қойды. Бұл туралы қала шаруашылығының 2014-2015 жылдар маусымына арналған жиналыс кезінде белгілі болды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Ауа температурасы орташа есеппен +8 болса да биылғы жылыту маусымы 15 қазанда басталады. Денсаулық сақтау және білім беру нысандарында одан да ертерек беріледі», - деді қала әкімі.
Бүгінгі таңда электр қоры мен инженерлік желілердің дайындығы 100 пайыз.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау, білім беру нысандарының техникалық жабдықталуы да 100 пайыз дайын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда жылыту маусымы 15 қазанда басталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90825/)