![Қыркүйек айында инфляция 0,5 пайызды құрады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41146.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елімізде қыркүйек айындағы инфляция 0,5 пайызды құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Азық-түлік тауарлары өткен айда 0,3, азық-түлік емес тауарлары - 0,5 және ақылы қызметтер - 0,7 пайызға қымбаттаған. Сонымен қатар, қияр 22,9, лимон - 17,2, тауықтың сирағы - 5, тауық - 4,3, күріш - 3,1, ұн - 2, шикі сүт - 1,6, өсімдік-сары майы - 1,2, жаңа ауланған балық, қышқыл сүт өнімдері, сүзбе - 1, сөк, шұжық, ет өнімдері - 0,9, нан, кондитерлік өнімдер - 0,8 және макарон өнімдері - 0,7 пайызға өскен.
Ал, жүзім 11,1, картоп - 10,7, жаңадан жиналған көкөністер - 8,7, алмұрт - 4,7, қант - 1,1, қарақұмық жармасы - 0,6 пайызға төмендеген.
Фото: sakha.today
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қыркүйек айында инфляция 0,5 пайызды құрады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90831/)