![«Шалқар» радиосы «Міржақып» трагедиясын ұсынады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41163.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін «Шалқар» ұлттық арнасының «Шабыт» радиотеатрынан, сағат 23:00-де Қостанай облыстық Ілияс Омаров атындағы Қазақ драма театрының «Міржақып» трагедиясы әуе толқынына шығады.
Спектакль - сонау зобалаң жылдарда Алаш қайраткерлерінің тағдырын, ұлт трагедиясын көрсететін театр репертуарындағы салмақты қойылымдардың бірі. Бұл шығарма азаттық үшін айқасқан арыстарымыздың бірі – Міржақып Дулатұлының туғанына 120 жыл толуына орай сахналанған.
Сценариін жазған - Шархан Қазығұл. Қоюшы режиссері – Қазақстанның Халық әртісі Ерсайын Төлеубай. Міржақып бейнесін актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қонысбек Бекайдар сомдайды. «Шабыт» радиотеатрынан қапы қалмаңыз!
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Шалқар» радиосы «Міржақып» трагедиясын ұсынады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90848/)