![«Таңшолпанда» әнші Әбдіжаппар Әлқожа қонақта болды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41164.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жас әнші Әбдіжаппар Әлқожа «Таңшолпанда» қонақта болды.
Кеше ғана Рудный қаласынан гастрольдік сапардан келген әнші: «Тек Рудный емес, Қостанай, Көкшетау, Петропавл қалаларында да концерт қойып қайттық. Солтүстіке алғашқы қадамымыз болғаннан кейін, қалай болар екен, деген ой болды. Бірақ, халық өте жылы қабылдады. Ендігі сапар - Қарағанды»,-дейді.
Жақында әпкесі Роза Әлқожамен бірігіп «Әпке» атты әнге бейнебаян түсірген Әбдіжаппар: «Бұл – әпке мен іні арасындағы диалог. Қалжың әңгіме ретінде түсірілді. Ән авторы – Розаның өзі. Идея - менікі»,-дейді.
«Басқа бауырларыма қарағанда, Роза әпкем мені көп еркелетеді. Мүмкін үйдің еркесі, мүмкін сенім артқандықтан болар. Бір өнерде жүргеннен кейін әпке мен іні арасында үйлесім бар»,-дейді әнші.
Әбдіжаппар тек әнші ғана емес, ол сонымен қатар, жора-жолдастарына пародия салумен де айналысады. Еркін Нұржанов пен Әлішер Кәрімовке салған пародиясын «Таңшолпаннан» көріңіз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Таңшолпанда» әнші Әбдіжаппар Әлқожа қонақта болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90849/)