![Иса Ақбербаев кәсіпқой бокстағы он үшінші жекпе-жегінде техникалық нокаутпен жеңіске жетті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41176.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
АҚШ-тың Калифорния штатындағы Санта-Моникеде бірінші ауыр салмақтағы қазақ боксшы Иса Ақбербаев пен америкалық Джованни Сарран жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Иса Ақбербаевтың ВКонтакте желісіндегі парақшасы.
Төреші төртінші раундта жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Иса Ақбербаев техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Бұл - қазақ боксшысының кәсіпқой шаршы алаңдағы 13-ші жекпе-жегі. Ол барлығында жеңіске жетіп, 9 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Иса Ақбербаев кәсіпқой бокстағы он үшінші жекпе-жегінде техникалық нокаутпен жеңіске жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90861/)