![Астана әкімі қаланы жылумен қамтитын кәсіпорындардың жұмысын тексерді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41187.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов қаланы жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін жауапты бірқатар нысанды аралады.
Ол ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 жұмысы мен алдағы жылыту маусымына дайындығын тексерді, нысандарда күз-қыс маусымына дайындық аясында жүргізілген қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.
«Астанада ауа райы қатал. Оның үстіне, қаламыз өсіп келеді, сондықтан осы кәсіпорындардың қуаттылығын арттыру керек. ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 жұмыс істейтін техникалық сауатты мамандардың арқасында жылыту маусымына дайынбыз. Станциялық қондырғыны қалпына келтіру жөніндегі бағдарлама толық көлемде жүзеге асырылды. Бұдан басқа, ЖЭО-3 құрылысы жүргізіліп жатыр», - деді елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов.
Қазіргі кезде ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 Астананы жылумен қамтуға жүз дайын, ал күтпеген жағдайлар орын алған жағдайда (басты қондырғы істен шықса) жұмысты үздіксіз жалғастыру үшін қажетті қосалқы бөлшектер мен құралдар бар.
astana.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астана әкімі қаланы жылумен қамтитын кәсіпорындардың жұмысын тексерді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90872/)