![Ертең «Таңшолпанда» - Бағдат Сәмединова қонақта болады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41201.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Әнші Бағдат Сәмединова – ерекше табиғи әсем дауысты, асқан өнеріне халқы қол соғып жүрген талант.
Жастайынан әнші болуды армандаған даланың қызы: «Бала кезімде мен не әнші, не мұғалім болып ойнайтынмын. Қора тазалап жүрсем де, бақшада жұмыс істеп жүрсем де, мал бағып жүрсем де, әнімді үзбейтінмін»,- деп еске алады.
Шығармашылығындағы жаңалықтармен әнші ертең «Таңшолпан» бағдарламасында бөліспек. Таңғы бағдарламаны сағат 07.00-10.00 аралығында Ұлттық арнадан көре аласыздар.
Сондай-ақ, бағдарламаға филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қайрат Сақ қонаққа келеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ертең «Таңшолпанда» - Бағдат Сәмединова қонақта болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90886/)