![2015 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша 9,5 мың пәтер салынады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41202.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2015 жылы «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 9,5 мың пәтер салынады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.
Биыл республикалық бюджет есебінен несиелік және жалға берілетін баспана аясындағы ауданы 626,4 мың шаршы метрді қамтитын 8 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланған.
Биылғы 9 айда 3 700 пәтер тапсырылса, жыл соңына дейін 4 мың пәтерді тапсыру жоспарланып отыр.
Жалпы, аталған бағдарлама бойынша 2012-2020 жылдар аралығында 69 миллион шаршы метр тұрғын үйді салу қамтылған.
ҚазАқпарат
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=2015 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша 9,5 мың пәтер салынады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90887/)