![Алматыда «Той Қазан-2014» флешмобы өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41212.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
11 қазан күні Алматыда «Той Қазан-2014» фестивалі аясында аспаздық флешмоб өтеді. Мұнда Қазақстанда тұратын барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің ұлттық тағамдарынан алып дастархан жайылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Басты тағам бірліктің символы – алып қазанда пісіріледі.
«Той қазан» - біздің бірлігімізді білдіреді. Барлық этнос өкілдері осы жерде аспаздық мәдениетімен бөлісіп, өзара тәжірибе алмаса алады. Жаһандану мен мәдениеттердің бірігуі заманында өз еліңнің бірегейлігін көрсету өте маңызды»,- деді ұйымдастырушылардың өкілі Бекнұр Кисиков.
Мереке қарсаңында қонақтар өздерінің ұлттық киімдерімен келуге болады. Ең үздік костюмге сыйлық беріледі. Сондай-ақ, келушілер түрлі ұлттық ойындар мен сайыстарда бақ сынасатын болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда «Той Қазан-2014» флешмобы өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90897/)