![«Тour of Almaty-2014» веложарысына 20 команда қатысады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41213.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
5 қазан күні Алматыда «Тour of Almaty-2014» халықаралық веложарыс өтеді. Жарысқа әлемдік дәрежедегі «Astana Pro Team», «Katusha», «Giant-Shimano», «Movistar», «Omega Pharma-Quick-Step» сынды 20 команда қатыспақ.
Олардың қатарында сонымен қатар, былтырғы жылдың қатысушылары «Bardiane Valvole», «CCC Polsat», «Synergy Baku Cycling Project» командалары бар.
«Тour of Almaty»-ның басты қонағы – «Тур де Франс-2014» сайысының жеңімпазы Винченцо Нибали.
Сайыста спортшыларға әрқайсысы 31 шақырым болатын 6 шеңберді еңсеруіне тура келеді. Жарыс тікелей эфирде «KAZsport» телеарнасында көрсетілетін болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Тour of Almaty-2014» веложарысына 20 команда қатысады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90898/)