![Журналистер арасында үздік бейнесюжет байқауы өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41231.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Қазақстанның Даму банкі» АҚ журналистер арасында үздік телевизиялық сюжетті анықтау бойынша байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдай бастады. Бұл туралы банктің ресми сайты хабарлайды.
Байқауға 1-31 қазан аралығында республикалық және аймақтық телеарналарда дайындалған және шығарылған сюжеттер жіберіледі. Өтінімдер мен байқау жұмыстары 1-31 қазан аралығында қабылданады.
Жеңімпаздар грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. I орын - 150 000 теңге, II орын – 100000 теңге, III орын – 50 000 теңге.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Журналистер арасында үздік бейнесюжет байқауы өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90916/)