![Ресейде алғашқы Күн электр станциясы іске қосылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41240.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қыркүйек айында РФ Алтай Республикасының Қос-Ағаш ауданында елдегі алғашқы Күн электр станциясы іске қосылды. Оның қуаттылығы – 5 МВт.
Қос-Ағаш Күн электр станциясы Алтай Республикасы аумағында болған осы тектес бес жобаның алғашқысы. Осы электр станцияларының барлығының қуаттылығы 45 МВт-ға тең. Бұл аймақтағы 44 мыңнан астам тұрғыны бар үш ауданды электр жарығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Станциядан жылына 9 миллион киловатт-сағат электр энергиясын алу жоспарланып отыр. Күн электр станциясы соңғы жылдары Алтай аумағында өзекті болып тұрған энерготапшылық мәселесін шешеді деп күтілуде.
Фото: popmech.ru
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресейде алғашқы Күн электр станциясы іске қосылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90925/)