![Мәскеу мұрағатынан Жаяу Мұсаның суреті табылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41257.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Семейде әйгілі әнші-композитор Жаяу Мұсаның беймәлім суреті көпшілікке ұсынылды, деп хабарлайды 24.kz.
Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайының қызметкерлері бұл суретті Мәскеу мұрағатынан тапқан.
1927 жылы түсірілген бұл суреттің авторы орыс зерттеушісі – Федор Фиельструп.
Сарғайған суретте 93 жастағы Жаяу Мұса киіз үйдің жанында бейнеленген. Мамандардың айтуынша, бұл – сазгердің екінші суреті. Алдыңғысына ол 50 жасында түскен.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мәскеу мұрағатынан Жаяу Мұсаның суреті табылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90942/)