![Қарағандыда Құрбан айт мейрамына орай шара өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41279.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қарағанды облыстық орталық мешіттің ауласында Құрбан айт мейрамына орай шара өтті. Онда арнайы киіз үй тігіліп, халыққа ас берілді. Сондай-ақ, қазақтың ұлттық ойындары - қазақша күрес, арқан тарту, асық ату т.б ойнатылды.
Шара соңында ұлттық ойындарды жаңғыртуға атсалысқандарға қаржылай және түрлі сыйлық тапсырылды.
Ал, қазанның 4-і күні айт намазынан соң құрбандық шалынады. Бұл туралы Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандыда Құрбан айт мейрамына орай шара өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90964/)