![Мәскеу мешітінде айт намазына 130 мыңға жуық адам жиналды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41296.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мұсылмандар қауымы Құрбан айт мерекесін атап өтуде. Мәскеуде айтулы мерекеге орай Выползов қиылысындағы мешітте 130 мыңға жуық мұсылман бас қосқан.
Сондай-ақ, Санкт-Петербург қаласындағы мешітке де айт намазына қатысу үшін ондаған мың жамағат жиналған. Ал Қазан қаласында Құл Шәріп мешітіне дұға етіп келушілер қарасы мол болды. Бұл жерде мерекелік намазға 2 мың адам келген.
Құрбан айт мейрамына орай діни шаралар Ресейдің басқа да қалалары мен елді мекендерінде өтіп жатыр, деп хабарлайды РБК.
ҚазАқпарат
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мәскеу мешітінде айт намазына 130 мыңға жуық адам жиналды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90981/)