![Қызылордада «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты өнер фестивалі өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41343.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
8-9 қазан күндері Қызылордада «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты өнер фестивалі өтеді. Шара Қызылорда облысы әкімдігі мен халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылып отыр.
Фестивальдің мақсаты - түркітілдес халықтардың ұлттық музыкалық өнерін дәріптей отырып, өзара мәдени қарым-қатынас пен байланысын нығайту.
Фестиваль аясында «Тұран және түркі әлемі» атты Сыр елі қолөнер шеберлерінің этноархеологиялық көрмесі ұйымдастырылып, «Қорқыт Ата мұралары - түркі халықтарының рухани қазынасы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтеді.
Өнер мерекесіне Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғыз елі, Өзбекстан, Түркия, Молдова елдерінен, Ресей Федерациясының Татарстан, Алтай, Якутия, Хакасия, Башқұртстан республикаларынан ғалымдар, фольклортанушылар, өнер зерттеушілері мен өнер ұжымдары қатысады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылордада «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты өнер фестивалі өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91028/)