![Көкшетауда «Үздік әлеуметтік жоба» көрмесі ашылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41360.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ертең Көкшетауда 2014 жылы Ақмола облысында жүзеге асырылатын үздік әлеуметтік жобалар көрмесі ашылады, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Шара мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған. Бүгінгі таңда көрмеге қатысу үшін 9 өтінім қабылданды. Оның ішінде «Үміт жолы» жобасы бар. Жобаның мақсаты - қоғамдық өмірге мүмкіндігі шектеулі жандарды тарту, оларды оқыту мен жұмысқа орналасуға көмек көрсету.
«Сен жалғыз емессің» жобасы балаларға көмек көрсетуге бағытталған. Мақсаты - салауатты өмір салтын, отбасылық құндылықтар мен дәстүрді насихаттау.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Көкшетауда «Үздік әлеуметтік жоба» көрмесі ашылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91045/)