![Дулат Ақпанбетов қоян-қолтық ұрыстан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионы атанды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41364.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық Дулат Ақпанбетов қоян-қолтық ұрыстан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионы атанды.
60 келі салмақта сынға түскен ол финалда қырғыз спортшысын жеңді. Айта кетейік, Дулат Ақпанбетов Қарағанды спорт мектебінің өкілі. Жаттықтырушысы – Николай Шедин.
Жасөспірімдер арасындағы Әлем біріншілігі 3-6 қазанда Ресейдің Выборг қаласында өтті.
Жарысқа Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Беларусь, Чехия, Эстония, Иран және Грузия елдерінен келген 14-17 жас аралығындағы 150-ге жуық спортшы қатысты.
Бұл Халықаралық қоян-қолтық федерациясының осы маусымдағы қорытынды жарысы болды. Оның нәтижесі бойынша 2014 жылдың үздік спортшылары анықталды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Дулат Ақпанбетов қоян-қолтық ұрыстан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионы атанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91049/)