![Этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» байқауына өтініштерді қабылдау басталады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41382.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауына қатысуға өтініштерді қабылдау басталады.
Байқауға бірнеше бағыттағы номинациялар бойынша өтеді:
- Қазақстан қоғамындағы этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған үздік мақалалар, теле-радиобағдарламалар;
- Қазақстандық патриотизмді нығайту жолындағы мемлекеттік рәміздердің рөлін жариялайтын үздік мақалалар, теле-радиобағдарламалар;
- Ұлттық мәдени орталықтар қызметін түсіндіру жөніндегі үздік мақалалар, теле-радиобағдарламалар;
- Қазақстан этностарының мәдениеті мен салт-дәстүрін дамытуға бағытталған үздік мақалалар, теле-радиобағдарламалар;
- Мемлекеттік тілдің рөлін көтеруге бағытталған үздік мақалалар, теле-радиобағдарламалар.
Барлық жұмыс (мақалалар, теле-радиобағдарламалар) бұқаралық ақпарат құралдарында 2014 жылдың басынан бастап, 6 қазанынан бұрын жарияланған болуы керек.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» байқауына өтініштерді қабылдау басталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91067/)