![Орталық Азияның үшінші кітап форумы өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41386.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Орталық Азияның үшінші кітап форумы мен әдеби және кинофильм байқауының (OCABF-2014) өткізілетін күні белгілі болды. 14-17 қараша аралығында британдық Hertfordshire Press баспа үйі ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасымен бірлесе отырып, сондай-ақ, Қазақстанның баспа және кітап тарату қауымдастығы үшінші кітап форумын өткізеді.
Биыл ұйымдастырушылар іс-шараларды Алматы және Астана қалаларында қатар өткізбекші. Шара Орталық Азия аумағындағы әдебиеттің дамуына бағытталмақ.
Форумның мақсаты – оқырмандар мен мамандардың назарын ортаазиялық жазушылардың жетістіктеріне аудару. Сондай-ақ, жазушыларды баспасгерлермен, оқырмандармен, кітапханалармен, оқу ордаларымен және БАҚ-мен таныстыру.
OCABF-2014 конкурсының жалпы сыйақы қоры – 17 мың АҚШ долларын құрайды. Жеңімпаздың кітабы Лондон баспасынан жарық көреді және 2016 жылы өтетін кітап жәрмеңкесіне қойылады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Орталық Азияның үшінші кітап форумы өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91071/)