![Семейде Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін халықаралық турнир өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41391.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Семейде Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін өткен халықаралық турнирде абсолютті салмақ санатында «Қазақстан барысы-2013» Айбек Нұғымаров жеңіске жетіп, бас жүлде - автокөлікке ие болды, деп хабарлады Семей қаласының әкімдігі.
«Соңғы жылдары біздің ұлттық спорт ойындарымыз күшті дамып келеді, оған Семей қаласында қазақша күрестен Х Азия чемпионатының өтуі дәлел. Бұл чемпионатқа 17 елден спортшылар қатысты. Шығыс Қазақстан облысының тумасы ретінде менің інілерім - палуандар «Қазақстан барысы» атанған Айбек Нұғымаров пен Мұхит Тұрсыновтың табыстары қуантады. Жыл асқан сайын республикада спорттың осы түрімен айналысатын палуандар қатары өсіп келе жатқанын атап өткім келеді», - деп пікірімен бөлісті Дәулет Тұрлыханов.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Семейде Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін халықаралық турнир өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91076/)