![Алматы қаласының құтқару қызметі жаңа тікұшақпен толықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41437.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов №405 Авиажөндеу зауытында болды. Кездесуде «Ресей тікұшағы» холдингінің өкілдері Алматы құтқару қызметіне Ми-8АМТ тікұшағын табыстады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Ми-8АМТ тікұшағы төтенше жағдайларда жедел құтқару шараларын сәтті атқару үшін қажет», - деді қала әкімі.
Ми-8АМТ тікұшағы Улан-Удэ авиациялық зауытында құрастырылған. Тікұшақ іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған қондырғылармен қамтамасыз етілген.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда «Ресей тікұшағы» холдингінің Ми-8/17, Ка32А11ВС, сондай-ақ Ми-24В тікұшақтары пайдаланылады.
Сурет: 109ssa.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы қаласының құтқару қызметі жаңа тікұшақпен толықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91122/)