![«Ел қорғаған ер Жәкем» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасы өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41449.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қызылорда облысында 15-16 қазанда «Ел қорғаған ер Жәкем» атты республикалық ақындар мүшәйрасы өтеді. Бұл туралы adebiportal.kz. сайты хабарлайды.
Мүшәйраның ұйымдастырушылары - Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.
Жыр додасын өткізудегі басты мақсат - қазақтың тәуелсіздігі жолында күрескен батыр, ХІХ ғасырдың қаһарманы Жанқожа Нұрмұхаммедұлының ерлігін өлеңмен өру. Биыл батырдың туғанына - 240 жыл.
Мүшәйра жеңімпаздарына қаржылай сыйлықтар мен арнайы дипломдар табысталады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Ел қорғаған ер Жәкем» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасы өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91134/)