![«Дала қыраны-2014» оқу-жаттығуының белсенді кезеңі басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41474.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін «Дала қыраны-2014» тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуының белсенді кезеңі басталды.
Германияда өтіп жатқан оқу-жаттығуға Казақстаннан подполковник Бақытжан Жетпісов бастаған бітімгершілік батальон штабы және капитан Аян Нұрқасов бастаған «Қазбаттың» күшейтілген ротасы құрамындағы 150 әскери қызметші қатысуда, деп хабарлайды ortcom.kz.
«Дала қыраны-2014» оқу-жаттығуының басты мақсаты бітімгершілік бөлімшелерінің НАТО-ға қатысушы елдер әскери контингенттерімен үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын пысықтау.
Қазақстандық бітімгершілік батальон көпұлтты ортадағы үйлесімділікті жақсарту, миссияларды жоспарлау, жедел бұйрықтарды орындау, ағымдағы операцияларды қадағалау жөніндегі міндеттерді пысықтауда.
Биыл «Дала қыраны» он екінші рет өтуде. Бұл бітімгершілік оқу-жаттығуы тұңғыш рет 2003 жылы ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің «Іле» оқу-жаттығу орталығында өткізілген болатын.
«Дала қыраны-2014» оқу-жаттығуына сондай-ақ Тәжікстан, Қырғыз Республикасы, АҚШ, Германия мен Ұлыбритания қатысуда.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Дала қыраны-2014» оқу-жаттығуының белсенді кезеңі басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91159/)