![«Әлем Барысы» халықаралық турниріне Ресей атынан Максим Ширяев қатысады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41475.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
25 қазанда Павлодар қаласында өтетін «Әлем Барысы» халықаралық турнирінде Ресей елінің намысын қорғайтын палуан – самбошы Максим Ширяев, деп хабарлады «Қазақстан Барысы» әлеуметтік парақшасы.
Максим Ширяев 1988 жылы туған, жасы 26-да.
Бойы – 189 см.
Салмағы – 130 келі.
Жетістіктері:
Самбодан халықаралық санаттағы спорт шебері;
2012 жылы самбодан Еуропа чемпионатының қола жүлдегері;
2012 жылы самбодан Әлем Кубогының жалпы қорытындысы бойынша жеңімпаз;
Аса ауыр салмақта самбодан 2014 жылы Ресей чемпионы атанған;
2010 жылы самбодан жастар арасында өткен Әлем Кубогының жеңімпазы;
2012 жылы самбодан Ресей чемпионатының күміс жүлдегері;
2010 жылы дзюдодан Ресей чемпионатының қола жүлдегері;
2006 жылы самбодан жасөспірімдер арасында Еуропа чемпионатының қола жүлдегері;
2008 жылы самбодан жастар арасында (18-20 жас) Еуропа чемпионатының қола жүлдегері;
2008 жылы самбодан жастар арасында (18-20 жас) Әлем чемпионатының қола жүлдегері;
2012 жылы самбодан Мәскеу қаласының ең үздік спортшысы атанған;
2014 жылғы «Мәскеу Барысы».
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Әлем Барысы» халықаралық турниріне Ресей атынан Максим Ширяев қатысады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91160/)