![Семейде көркем гимнастика бойынша ШҚО чемпионаты өтіп жатыр](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41511.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Семейде көркем гимнастикадан ШҚО ашық чемпионаты өтіп жатыр. Дәл осы сайыста облыстан шығатын құрама команда қатарындағы негізгі спортшылар іріктеліп алынады.
Іріктеу сынына 5-16 жас аралығындағы Өскемен және Семей қалалық спорт мектептерінің 200-ге жуық тәлімгері қатысуда. Олар жеке және топтық бағдарлама бойынша өнер көрсетеді.
Облыс біріншілігінде үздік атанғандар Талдықорған қаласында өтетін ел чемпионатында облыс намысын қорғайтын болады.
ҚазАқпарат
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Семейде көркем гимнастика бойынша ШҚО чемпионаты өтіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91196/)