![Зарина Диас Осакада өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41535.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жапонияның Осака қаласында әйелдер арасында хардта WTA сериясына кіретін «Japan Women’s Open Tennis» турнирі өтуде. Жарыстың жүлде қоры – 250 мың АҚШ доллар.
Осы турнирге қатысып жатқан 20 жастағы қазақстандық Зарина Диас (Осакада 5-ші нөмірлі, әлемдік рейтингте 37-ші) екінші кезеңде 22 жастағы испаниялық Лара Арруабарренаны (әлемдік рейтингте 82-ші) 6:0, 6:1 есебімен ұтып, ширек финалға шықты.
Заринаның келесі қарсыласы – хорватиялық Анна Конюх.
Еске сала кетейік, бұған дейін бұл турнирдің ¼ финалына тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева өткен болатын.
Фото: jw-open.jp
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Зарина Диас Осакада өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91220/)