![Ертең Астанада дзюдодан әлемдік Гран-при басталады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41587.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін 10-12 қазанда Астанада өтетін дзюдодан әлемдік Гран-при жарысының («Сарыарқа» республикалық велотрегі) баспасөз мәслихаты өтті.
«Бізді осылай жылы қабылдағандарыңызға рахмет. Қазақстандық дзюдошылар Инчхондағы Азия ойындарында жақсы нәтиже көрсетті. Енді олар әлемдік Гран-при кезеңінде де жақсы күреседі деп ойлаймын. Біз Астанадағы Гран-при кезеңінің ұйымдастырылу деңгейі жақсы екенін көрдік. Енді келесі жылы Астана өтетін дзюдодан Әлем чемпионаты да осындай жоғары деңгейде болады деп сенеміз», - деді Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) спорт директоры Владимир Барта.
Еске сала кетейік, жарысты «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ертең Астанада дзюдодан әлемдік Гран-при басталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91272/)