![Осака турнирінде Зарина Диас жартылай финалға шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41615.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жапонияның Осака қаласында теннистен өтіп жатқан халықаралық турнирде бүгін қазақстандық Зарина Диас хорватиялық Ана Конюхпен кортқа шықты.
Зарина А.Конюхтан бірінші партияда 6:7 есебімен жеңілгенімен, қалған екеуін (6:4, 6:2) ұтып, жартылай финалға шықты.
Зарина Диас енді соңғы сын - финалға шығу үшін Таиланд елінің өкілі Луксика Кумкхуммен кездеседі. Ширек финалдағы оның қарсыласы, осы турнирдің екінші ракеткасы, америкалық Мэдисон Кис 2:6, 3:4 есебімен жеңіліп жатып, кездесуді жалғастырудан бас тартты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Осака турнирінде Зарина Диас жартылай финалға шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91299/)