![Экологиялық акция аясында 100 көшет егілді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41624.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елорда тұрғындары «Туған қалаңа ағаш сыйла» экологиялық шарасы аясында қаланы көгалдандыруға үлес қосты. Акцияны «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының республикалық штабы мен «Астана ЕХРО-2017» ҰК» АҚ бірлесіп ұйымдастырды. Бұл туралы astana.kz сайты хабарлайды.
Шараға «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы мен мемлекеттік органдардың, «Астана ЕХРО-2017» ҰК» АҚ өкілдері, мәдениет және спорт қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың көшбасшылары, еңбек ардагерлері, оқушылар, студенттер және қала тұрғындары қатысты.
Сондай-ақ, акцияға қатысушылар саябақта шыршаның 100 көшетін екті.
Айта кетейік, шара 2005 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және тұрғындардың қаланы көгалдандыруға үлес қосуына септігін тигізіп, ағаштарды күтіп-бағуға шақырады.
Сурет: astana.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Экологиялық акция аясында 100 көшет егілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91308/)